作词 : Есбол Таспаев
作曲 : Есбол Таспаев
Гүл керек
Оған одан бөлек су керек
Тапталып езілген жүрек
Айныған соң сыр береді
Қайтесің құз басына өрмелеп
Кетіп едік екі жаққа тентіреп
Ұзадың бермей бірде-бір дерек
Мені мазалағаныңнан не көмек?
Сол бір оқиға қайтып
Қайтесің жараңды ұлғайтып
Мен бұрыңғы мен емеспін енді
өз өзімді алдайтын
Неге өзіңді қинайсың?
Түсінемін қимайсың
Сен бұрыңғы сен емессің енді
бір көргеннен баурайтын
Оу өкпелі
Көздерің сондай өкпелі
Сенің осынша үміттенгенің
Жоя алмайды нүктені
Қаншама рет қолыңды сілтедің
Үзілістеріміз бітпеді
Көргеніңдей бәрі де өтпелі
Тек қиялыңда ғана күт мені
Сол бір оқиға қайтып
Қайтесің жараңды ұлғайтып
Мен бұрыңғы мен емеспін енді
өз өзімді алдайтын
Неге өзіңді қинайсың?
Түсінемін қимайсың
Сен бұрыңғы сен емессің енді
бір көргеннен баурайтын
© 2025 资源提供方声明:本站资源索引与互联网,本站不存储任何资源,版权归原作者,禁止用于非法用途。